Назад
29 августа 2025

Цифрлық автотіркеуді енгізу

Электровоздарды цифрлық автотіркеу

Наньниндегі Қытай теміржол бөлімшесі CRRC концернімен бірге еселі тартымдағы электровоздарға арналған цифрлық автотіркеу жүйесін пайдалануға енгізді. Жаңа технология 2009 жылдан бері шығарылған 148 HXD1C сериялы локомотивтерге орнатылған.

Цифрлық автотіркеу вагондарды автоматты қосуды және ажыратуды, сондай-ақ электр энергиясын, пневматикалық қысымды және деректерді беруді қамтамасыз етеді. Бұл шешім телематика, қашықтықтан диагностикалау, құрамдарды басқару және басқа көлік түрлерімен интеграциялауды қоса алғанда, тасымалдауды цифрландыру функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұрында айтарлықтай еңісті жүріп өту талап етілетін Наньнин – Куньмин бағытындағы электровоздарды қосарлау қолмен орындалатын. Цифрлық жүйені енгізілген соң тіркеу процесі бес секундқа дейін қысқарады, бұл операцияны айтарлықтай жеңілдетеді және жылдамдатады.

Цифрлық автотіркеуді қолдану технологиялық үдерістерді жеделдету, қауіпсіздікті арттыру және тоқтап тұру уақытын қысқарту арқылы жүк тасымалының тиімділігін арттырады деп күтілуде. Осы технологиялық жаңғыртуды енгізу - бұл бүкіл теміржол саласын кешенді цифрландыруға жасалған қадам.

«Альфа-ЖАТ» компаниясы теміржол саласы кәсіпорындары үшін жабдықтар мен материалдардың кешенді жеткізушісі болып табылады және жабдықтарды бүкіл Ресей аумағында және ТМД елдеріне жеткізуді жүзеге асырады.

Актуальные новости
все новости
Продукция
Меню
Меню