Назад
12 января 2026

Электр жылыту жүйесін автоматтандыру

Сидақты электр жылытқыш

Ресейде Ярославль теміржол стансасында орталықтандырылған үлестірілген басқарумен бағыттамалы бұрмаларды автоматтандырылған электр жылыту жүйесі тестілеуден өтуде. Электр жылытқышты тестілеу қыстың соңына дейін жалғасады.

Жүйе қазірдің өзінде тиімділікті көрсетті, себебі 2026 жылдың қаңтар айының басында қардың қалыптан тыс жаууы кезінде стансадағы үшкілдердің ауданындағы қар бетон шпалдарға дейін еріді. Бұл монтерлерге тек бірыңғай басқару пультін мерзімді бақылауға және жолдарды тазартудың соңғы кезеңіне назар аударуға мүмкіндік берді.

Кешеннің негізгі торабы электр жылытуды басқару шкафынан тұрады, оған бірнеше бағыттамалық бұрмалар қосылады. Барлық бұрмаларға командалар ортақ негізгі серверден бір контроллермен беріледі. Орталық контроллер істен шыққан жағдайда басқару қашықтықтан диагностика жүргізу мүмкіндігімен автоматты түрде резервтік құрылғыға ауысады.

Жүйені басқару үш режімнің кез келгенінде жүзеге асырылуы мүмкін:

  • автоматты режім – температура, ылғалдылық, жауын-шашын және жарық сездіргілерінің көрсеткіштері негізінде электрлік орталықтандыру бекетінің пультінен;

  • қол режімі – электр жылытуды басқару шкафының панелі арқылы;

  • диспетчерлік режім - диспетчерлік орталықтандыру пульті арқылы.

Қысқы сынақтардың қорытындылары негізінде осы жүйені бүкіл ел аумағында қолдану қаншалықты орынды екендігі айқындалатын болады.

"Альфа-ЖАТ" компаниясы бағыттамалы бұрмаларды электрмен жылыту жүйелерін жеткізуші болып табылады және жабдықты бүкіл Ресей аумағында және ТМД елдеріне жеткізуді жүзеге асырады.

Актуальные новости
все новости
Продукция
Меню
Меню