Сахалин аралына баратын темір жол 540 млрд руб. сомасына бағаланды және тармақтың жалпы ұзындығы 6 км көпір бөлігін қоса, 585 км болады, алдын ала ақпарат бойынша көпір арқылы емес, Невельский астындағы түнел арқылы өтуі мүмкін.
Сарапшылардың деректері бойынша көпір жобасының да, түнел жобасының да өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар: «Көпірді құру мен пайдалану климаттық жағдайлармен, ал түнел салу - геологиямен және сейсмикалық қатерімен қиындауы мүмкін». Осыған қоса, көпір құрумен салыстырғанда түнел құру нұсқалары арзанырақ болуы мүмкін, бірақ оны кейін пайдалану инженерлік жүйелердің елеулі санының болу есебінен қымбат болады.
Сахалин аралығына өткел «РТЖ» ААҚ 2025 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламасына енгізілген, ал екі құрылыс нұсқасының есебі жобаның техникалық тапсырмасына қосылған.