«Альфа-Жат» компаниясы «ВНИИЖТ» АҚ (Мәскеу қ., Щербинка) эксперименттік айналма темір жол аумағында 26-29 тамыз аралығында өткен 1520 «PRO // Движение. Экспо» халықаралық темір жол техникасы мен технологиялар кеңістігінің салонына әдеттегідей барып қайтты. 25 елден келген 154 компания-экспонент өкілдері техниканың ең жаңа үлгілерін көрсетіп, негізгі тақырыбы «Технологияның трансформациясы және жаңа экологиялық ойлау» болған салонның іскерлік бағдарламасына қатысты.
Біздің компания тиімді бизнес-коммуникацияларды құруға, сарапшылармен кәсіби тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бір қатар темір жол техникасы мен жабдығын көрсетуге мүмкіндік алды: әмбебап кабельді муфта, аралық кабельді муфта, тармақтағыш кабельді муфта, композитті жол жәшігі, айнымалы тоқтың дроссель трансформаторы, композитті батареялық шкаф және басқ.
PRO // Движение. Экспо - бұл темір жол саласы көшбасшыларының, сарапшыларының, мамандарының кездесуіне, өндірушілердің таныстырылымдарына, шетел серіктестерімен келісімдерге қол қоюға арналған бірегей коммуникациялық алаңша.