Рельскескіш білдектердің тиімді бағасы
Құрметті серіктестер!
«Альфа-ЖАТ» компаниясы қоймаға жаңа жабдықтың түскені туралы хабарлайды:
HUSQVARNA K 1270 рельскескіші. Модель жақсартылған қуат берілісімен көпсыналы белдікті пайдалану және диаметрі 400 мм-ге дейінгі кескіш дискіні орнату мүмкіндігімен, рельстің барлық түрлерін кесу үшін арнайы жасалған. Берілісті саңылаусыздандыру трансмиссияның қызмет ету мерзімін барынша ұзартуға мүмкіндік береді. HUSQVARNA рельскескіші сүзгіні автоматты түрде өтемдеу жүйесімен жабдықталған, оны пайдалану кезінде отын шығыны 20%-ға дейін төмендейді. Рельстерді кесу тегіс, сатысыз кесінді жасай отырып, екі бағытта жүзеге асырылады.
HONDA GX200 қозғалтқышы бар рельскескіш білдек. Білдек темір жолдарды төсеу кезінде, сондай-ақ рельстерді ағымдағы және шұғыл жөндеу кезінде таптырмас дербес құрал болып табылады. Жұмыс барысында білдек рельс төсеміне қысу әдісімен мықтап бекітіледі, бұл құралды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Білдектің HONDA GX200 қозғалтқышымен жасақталуының арқасында, кесу жылдам әрі сапалы орындалады.
«Альфа-ЖАТ» компаниясы рельскескіш білдектерге ең тиімді бағаларды ұсынады.