Пульттер, пейджерлер, қоңырау батырмалары
Құрметті серіктестер, «Альфа-Жат» ЖШҚ компаниясы сайтта «Сымсыз қоңырау жүйелері» атты жаңа бөлімді ұсынады.
Қолжетімді ортаның маңызды элементтерінің бірі - қызметкерлерді сымсыз шақыру жүйесі.
Қызметкерлерді сымсыз шақыру жүйесі мүмкіндігі шектеулі жандардың, кішкентай балалары бар ата-аналардың, қарттардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолаушылар мен клиенттерге жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл жүйені қолдану қоғамдық, әкімшілік, әлеуметтік, медициналық, білім беру және мәдени мекемелердің жұмысын едәуір оңтайландырады.
Қоңырау батырмалары тікелей үй-жайға немесе ғимаратқа кіре берісте, вагондар купесінде, санитарлық тораптарда орналастырылады. Бұл артық кұш жұмсамай және кез келген уақытта қызметкерді шақыруға мүмкіндік береді.
Жүйе қоңырау шалу батырмасы мен қабылдағыштан тұрады. Батырма пайдаланушыдан ұйым қызметкерінде орналасқан қабылдағышқа түсетін сигналды жібереді. Сигналды күшейту үшін қайталағыштар қолданылады.
«Сымсыз қоңырау жүйелері» бөлімінде теміржол көлігінде және вокзал ғимараттарында «қолжетімді орта» форматын қамтамасыз ету үшін тауарлардың барлық қажетті түржинағы ұсынылған.
Құрметпен, «Альфа-ЖАТ» ЖШҚ